Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Мұндай ниет жоқ және болмайды – Тоқаев президенттік мерзімін жаңадан бастау туралы

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімін ұзарту туралы айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәліметінде көрсетілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Менен ел ішінде де, шетелде де қазіргі Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды.

Ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы өзінің мазмұны бойынша өте ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президет бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін айтты.

«Қазақстанда конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум алғаш рет өтеді. Бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Еліміздің азаматтары жалпы конституциялық реформалардың маңызын түсінеді.

Қоғамымызда референдумға үлкен қызығушылық бар. Шетелде де. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген кең әлеуметтік сұранысты және халықтың алдағы өзгерістерге деген сенімін көрсетеді. Бұл заңдылық, өйткені реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыру емес, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүргізіліп жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...