Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Алматы жолаушылар ең жиі қатынайтын 10 қалааралық бағыттың қатарына кірді

Танымал

Ел аузында

Әр жыл сайын Қазақстанда қалааралық автокөлік қатынастарының танымалдығы артуда. Елдегі қалааралық сапарларды ұйымдастыруға арналған ең ірі сервис inDriver компаниясы алғаш рет Қазақстан тұрғындары 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында таңдаған ең танымал қалааралық бағыттар бойынша рейтингін жариялайды.

Жолаушылар ең жиі қатынайтын 10 қалааралық бағыт мынадай: 

1. Нұр-Сұлтан – Қарағанды
2. Ақтау – Жаңаөзен
3. Алматы – Талдықорған
4. Павлодар – Ақсу
5. Алматы – Шымкент
6. Шымкент – Түркістан
7. Нұр-Сұлтан – Көкшетау
8. Алматы – Тараз
9. Рудный – Қостанай
10. Теміртау – Қарағанды

№1. Рейтингтің көшінде Нұр-Сұлтан – Қарағанды қалалары арасындағы бағыт тұр. Бұл бағыттың танымалдылығының маңызды факторы –  екі қаланың жалпы тұрғындарының саны 2 миллион адамға жақындауында, ал қалалар арасындағы қашықтық шамамен 200 км, немесе 2,5 сағаттық жол жүру  –  автомобиль бағыты үшін ең қолайлы қашықтық. Көлік қозғалысының едәуір бөлігі демалыс күндеріне дейін және одан кейінгі жұмыс сапарларына сәйкес келеді.

№2. Екінші кезектегі Ақтау – Жаңаөзен бағыты бойынша сапар шамамен 2 сағатты (150 км) алады. Бұл қалалардың тұрғындарының саны соншалықты көп емес (шамамен 300 мың) болғанымен, олардың арасындағы тығыз байланыстың себебі түсінікті: Жаңаөзендегі мұнай-газ өндіру саласындағы вахталық жұмысшылар Ақтаудың курорттық жағалауына баруға асығады және оларға өзге демалушылар да қосылады.

№3. Алматы – Талдықорған. Маршрут шамамен 3,5 сағаттық жолды (270 км) құрайды және Талдықорған оңтүстік астананы Қазақстанның шығыс қалаларымен байланыстыратын жол торабында орналасқан. Бұл қалалар арасындағы тығыз мәдени, әлеуметтік және экономикалық байланыстар келуші жолаушылардың ағынын дәстүрлі түрде сақтап тұр.

№4. Павлодар – Ақсау. Бұл қалалар арасындағы қашықтық рейтингтегі ең қысқа бағыттардың бірі (45 км). Сапар бір сағатты құрайды, бұл автокөлікпен саяхаттауға ыңғайлы және бұл оның танымалдығының басты себептерінің бірі. Ал басқа себептерге мыналар жатады: Павлодардың жанында әуежай бар (Ақсуда вахталық жұмыста істейтіндер көп) сондай-ақ Ақсу қаласының көп тұрғындары Павлодарда жұмыс істейді және оқиды.

№5. Алматы – Шымкент. Рейтингтегі ең ұзын бағыт (арақашықтық шамамен 700 км, жол жүру ұзақтығы 8 сағаттан астам). Бірақ екі қаланың да тұрғындар саны миллионнан асып кеткендіктен, сондай-ақ екі қаланың әлеуметтік-экономикалық байланыстары мен бай мәдени мұрасын ескере отырып, бұл бағыт Қазақстандағы ең танымал бағыттардың бірі болып саналады.

№6. Шымкент – Түркістан. Түркістан Шымкент қаласынан екі сағаттық жерде (160 км) орналасқан және Қазақстанның ең көне және әдемі қалаларының бірі. Бұл қалаларды бір бірімен әлеуметтік-экономикалық бағыттар тығыз байланыстыратыны сөзсіз, алайда сапарлардың айтарлықтай үлесін (рейтингтің басқа бағыттарына қатысты) туристік сапарлар, соның ішінде облыс орталығына саяхаттап келген туристер құрайды.

№7. Нұр-Сұлтан – Көкшетау. Екі қала арасындағы арақашықтық 310 км, жол жүру ұзақтығы 3,5 сағатты алады. Көкшетаудың басты көрікті жерлерінің бірі – Бурабай көлі. Соңғы бірнеше жылда бұл өлке Қазақстанның негізгі туристік бағыттарының біріне айналды. Осы себептен екі қала арасындағы бағыттардың белсенді өсуі байқалады.

№8. Алматы – Тараз. Бұл сапар орта есеппен 5-6 сағат (500 км) жолды алады, бірақ жолдың қашықтығына қарамастан әр қаланың тұрғындары Таразға жиі келуін тоқтатқан емес. Қала Қазақстанның ең көне қалаларының бірі және оны «Қазақстандағы ислам мәдениетінің бесігі» деп жиі атайды. Сондай-ақ қалада көптеген ерекше көрікті жерлер мен көздің жауын алар ландшафтар бар. Тағы бір маңызды фактінің бірі, Тараз қаласы мен Шымкент арасындағы жолда (рейтингтің №5 бағыты) орналасқан.

№9. Рудный – Қостанай. Жол 48 км, 1 сағат 11 минутты құрайды. Рейтингтегі тағы бір қысқа бағыттардың бірі. Қостанай қаласы дәнді дақылдарды ең ірі жеткізуші, ал Рудный Қазақстандағы темір рудасын ең ірі экспорттаушы өлкенің бірі болып саналады. Екі қала арасындағы сапарлар көбінесе іскерлік және жеке сапарлар бағытында жасалады. Ал бұл қалалардағы халықтың жалпы саны көп емес (шамамен 400 мың) және маршруттың өзін «орташа статикалық» деп сипаттауға болатынын ескерсек, оның рейтингке енуінің өзі таңқаларлық жайт.

№10. Теміртау – Қарағанды қалалары арасындағы бағыт танымал қалааралық сапарлар тізімін қорытындылайды. Бұл рейтингтегі ең қысқа жол – 35 км, немесе шамамен жарты сағат уақытты алады. Қарағанды шахтерлердің қаласы. Өз кезегінде Теміртау ірі өнеркәсіптік қала, сондықтан сапарлардың көп бөлігін жұмысшылар құрайды. Дегенмен Теміртаудағы айтарлықтай көлік қозғалысы оның рейтингтің ең танымал бағытының (№1. Нұр-Сұлтан – Қарағанды) жолында болуымен де байланысты және сондықтан да жүргізушілер үшін осы қалаға жасаған сапарлар олардың ұзақ сапарының бір бөлігі ғана.

Қазақстандағы inDriver компаниясының қалааралық бағыттарды дамыту бойынша менеджер Нұртай Белтенов елімізде қалааралық көлік қатынастарының танымалдығы артып жатқанын айтады.

«Біз мұны адамдардың қысқа (Теміртау – Қарағанды) және ұзақ (Алматы – Шымкент) бағытын таңдайтын біздің қызмет мысалында көріп отырмыз. Бір қызығы, автосаяхаттардың айтарлықтай үлесі туризмге (Тараз, Көкшетау…) тап келеді. Бүгінгі күні inDriver арқылы қалааралық сапарлардың орташа ұзақтығы 265 км құрайды. Орын үшін төленетін орташа ақы 3300 теңге», – дейді Нұртай Белтенов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...