Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге, еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы екінші республиканың негізін қалаймыз», – деді Тоқаев халыққа үндеуінде.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев республикалық телеарналар арқылы үндеу жасайтыны хабарланған болатын.