Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Көлеңкелі экспорт кесірінен Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін – Энергетика министрі

Танымал

Ел аузында

ҚР Энергетика министрі БолатАқшолақовтың мәліметі бойынша, көлеңкелі экспорт сұйытылған газ бағасын қымбаттатуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мемлекеттік органдар тарапынан бөлшек сауда бағаларын реттеу тетігінің болмауына байланысты сұйытылған мұнай газы бағасының өсу тәуекелдері бар. Көлем тапшылығының негізгі себептерінің бірі көлеңкелі экспорт болып табылады. Бұл кейіннен халық үшін сұйытылған мұнай газының жетіспеуіне және бағаның негізсіз өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта министрліктің ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының айналымы мен көлеңкелі экспортқа жедел мониторинг жүргізуге өкілеттігі жоқ», – деді ведомство басшысы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Министр бұл тәуекелдердің алдын алу үшін бірнеше шара қабылданып жатқанын жеткізді.

  • көлікке ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне сұйытылған мұнай газын енгізу;
  • Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларына бақылау-кассалық машиналардың болуына қойылатын талаптарды күшейту;
  • Энергетика министрлігіне фискалдық деректер операторына және сұйытылған мұнай газын тасымалдайтын көліктердің ілеспе жүкқұжаттарына қашықтан қол жеткізуді мүмкіндігін беру.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...