Грузияның министрлер кабинеті ел президентін сотқа берді

Танымал

Ел аузында

Грузия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі үкімет мүшелері республика президенті Саломе Зурабишвилидің үстінен Конституциялық сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді, – деп хабарлайды mk.ru сайты.

Үкімет аппаратының басшысы Реваз Джавелидзенің айтуынша, Конституциялық сотқа жүгінуге президенттің үкіметтің ұсынысымен бірқатар елдерге елшілерді тағайындаудан бас тартуы себеп болған. Ал елшілерді тағайындау және оларды босату Грузия президентінің конституциялық құзыретіне жатпайды.

«Грузия үкіметі елшілер мен дипломатиялық миссиялардың басшыларын тағайындау және босатуға қатысты президент пен Грузия үкіметі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты конституциялық шағымды түсіндіруді сұрайды», – делінген сотта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...