Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Алматыда ІТ бағдарламашыларды дайындау бойынша ең ірі және бірегей жоба басталды

Танымал

Ел аузында

Бүгін nFactorial School мектебінің, “Шеврон” компаниясының және ITeachMe қоғамдық қорының арқасында Satbayev University қолдауымен Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 200 қатысушыға арналған бағдарламалау бойынша тегін жазғы мектеп ашылды.

Жазғы мектепті nFactorial School құрылтайшысы, pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, IT кәсіпкері, болашақшы және Пристон университетінің түлегі Арман Сүлейменов ұйымдастырып ашты.

“Мен “Шеврон” компаниясы мен Satbayev University-ге біздің бастамамызға қолдау көрсеткені үшін және еліміз үшін осындай ауқымды білім беру жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. nFactorial School миссиясы – 10 000 жоғары білікті әзірлеушіні дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға “Made in Kazakhstan” таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып Қазақстанды әлемнің “технологиялық” картасында таныстыру”, – деді Арман Сүлейменов.

Арман Сүлейменовтың білім беру жобалары 2015 жылдан бері 650-ден астам қазақстандық ІТ маманын дайындап шығарды. nFactorial School түлектері  Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe сияқты технологиялық алып компанияларда, сонымен қатар ТМД елдеріндегі ірі IT компанияларында жұмыс істейді.

Жазғы nFactorial мектебіне қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйрене алады, ал оқу аяқталған кезде бірегей веб-қолданбалар шығарады. Оларға үздік қазақстандық және халықаралық IT компанияларындағы кәсіби бағдарламашылар тәлім беріп, IT өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және ақшалай пайда әкелу жолдарын таныстырады.

Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, IT білім беру жобалары мемлекеттің дамуында маңызды стратегиялық және әлеуметтік рөл атқарады. “Президент Тоқаев бірнеше рет айтып кеткеніндей, біздің елімізге жас, білімді және ынталы кадрлар қажет және елдің барлық аймағынан келген 200 дарынды жасқа арналған жазғы бағдарламалау мектебі 100 000 жоғары білікті IT маманды әзірлеу жолындағы тағы бір қадам. Сіздерге жазғы мезгілді пайдалы өткізулеріңізді тілеймін және Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосатын болашақ көшбасшылар, бағдарламашылар, оқытушылар және шығармашыл адамдар арасында сіздерді көремін деп сенемін”, – деді мектептің ашылу салтанатында вице-министр.

Мектеп қатысушыларымен Google компаниясында бұрын әзірлеуші болған, nFactorial мектебінің 2016 жылғы түлегі және қыздарға арналған Exponential білім беру стартапының негізін қалаушы Назерке Қалидолда да кеңестерімен бөлісті.

Апта сайын қатысушыларға “алып” бағдарламашылар – Meta, Google, Apple, Reddit компанияларының және Кремний алқабы мен ТМД стартаптарының жетекші бағдарламашылары мен дизайнерлері қонақ болып дәріс оқитын болады.

Жоба нәтижесінде қатысушылар 150-ден астам қазақстандық өнім әзірлейді, олардың ең үздіктері инвесторлар мен кәсіпкерлерге стартап презентациясында ұсынылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...