Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курстан өтпек. Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.
Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек.
5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы факультатив форматында оқытылады.
Курс мынадай модульдерден тұрады:
- «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» ,
- «Азаматтық»,
- «Парасаттылық пен әдеп»,
- «Экология мәдениеті»,
- «Сыни тұрғыдан ойлау»,
- «Зайырлылық және дінтану негіздері»,
- «Медиа сауаттылық».
Сыныптар мен жас ерекшеліктеріне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады.