Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

2022 жылы күзде президент сайлауы өте ме?

Танымал

Ел аузында

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанда күзде президент сайлауы өтеді деген қауесетке жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ол қауесет, бос сөз деп ойлаймын. Бүгінде саяси реформаларды жалғастыру міндеті тұр, заң қабылдап, партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, жаңа адамдар келуі керек. Көп жұмыс күтіп тұр», – деді Әшімбаев. 

Ол заң бойынша сайлау белгілі бір уақыт аралығында өтетінін, бәрі заң бойынша өтетінін атап өтті. 

Айта кетейік, Қазақстанда президент сайлауы 2019 жылы өткен болатын. Қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинаған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...