2022 жылы күзде президент сайлауы өте ме?

Танымал

Ел аузында

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанда күзде президент сайлауы өтеді деген қауесетке жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ол қауесет, бос сөз деп ойлаймын. Бүгінде саяси реформаларды жалғастыру міндеті тұр, заң қабылдап, партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, жаңа адамдар келуі керек. Көп жұмыс күтіп тұр», – деді Әшімбаев. 

Ол заң бойынша сайлау белгілі бір уақыт аралығында өтетінін, бәрі заң бойынша өтетінін атап өтті. 

Айта кетейік, Қазақстанда президент сайлауы 2019 жылы өткен болатын. Қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинаған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...