«Төрт дипломы бар Толқыным»: Төреғали Төреәлінің жары жаңа мамандықты меңгерді

Танымал

Ел аузында

Төреғали Төреәлі жары Толқынның тағы бір мамандықты меңгергенін айтып мақтанды. Толқын Тұрарбекқызы енді ресми түрде психолог атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Толқын Тұрарбек отандық академияда білім алған. Кеше ол көптен күткен дипломын қолына алды. Сондай-ақ, ол ҚР психология қоғамы бірлестігінің мүшесі атанған. Айтулы күнге орай Төреғали Төреәлі жұбайына өлең арнады. 

«Жаратқаным жар ғып берген жарқыным,
Баяғыдан оқымысты жан тұғын.
Бірі білсе бірі білмес мен оның
Білімпаздық қасиетіне тәнтімін.
Тағы жаңа мамандықты игердің
Дипломың құтты болсын алтыным,
Бір күйеуі, екі ұлы, үш қызы,
Бұл менің төрт дипломы бар Толқыным!» – деп жазды әнші. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...