Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Павлодарда жалған шот-фактура шығарғандар мемлекетке 6,5 миллиард теңге шығын келтірді

Танымал

Ел аузында

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғаны анықталды. Кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берді. 

«В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді», – делінген хабарламада.  

Сот шешімімен Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Ал Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как блогер вместе с заказчиками инсценировал аварию?

@Fact Check: 22 января был арестован блогер Кушеев, называющий себя правозащитником.Обвинение — вымогательство.В этом расследовании мы покажем, как блогер...