Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін – министр

Танымал

Ел аузында

Министрдің айтуынша, «Жібек жолы» кемесі құқықтық нормаларға қайшы әрекеттер жасаған болса, кеме кері қайтарып алынады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарында Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен (тасымалдаумен) айналысса, әрине, ондай шарт бұзылып, кеме кері қайтарып алынады», – деді Өскенбаев.

Еске салсақ, Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен тасымалданған астық жөнінде жергілікті билікке жүгінгені хабарланған болатын.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді. Сонымен бірге ҚТЖ кемені жалға алушыдан мән-жайды жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...