Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Жұмыс берушінің мүлкін сатып, ақшасын өз пайдасына жұмсап жіберген қойшы қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне келген жергілікті тұрғын, яғни әйел қойшысына берген квадроциклды таппай, арыздануға мәжбүр болғанын айтты.
Әйелдің арызын қабылдаған сақшылар, аталған жайт бойынша жедел әрекет етті. Тиянақты тексеру мен анықтау жұмыстарын жүргізді. Осылайша полиция қызметкерлері күдікке ілінген қойшының аталған қылмысқа қатысы барын білді. Олар қойшыдан жауап алып, оқиға орнын мұқият тінтіп шықты. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгеге жуық.
Қылмысты ашу кезінде полицейлер малын бағуға сеніп тапсырған жәбірленуші әйелдің квадроциклын өз қойшысы жымқырып, сатып, ақшасын жеке басының пайдасына жаратып жібергені расталды.
Қазіргі таңда қойшы жігіт қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық барысы тергеу кезінде анықталады.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға біреуге өз мүлкіңізді сеніп тапсырудан бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізулеріңізге кеңес береді. Сонымен қатар өз мүлкін сақтауда қырағы болып, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Бедеулікті емдеудегі заманауи тәсілдер

Алматыда бүгінгі денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға – Қазақстан репродуктивті медицинасы XVI Халықаралық конгресі өтті. Бұл жолғы конгресс қатысушылар саны...