Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.4 C
Nur-Sultan
26.8 C
Almaty
35.3 C
Shymkent

«Гашиш» есірткісін заңсыз сақтаған жас жігіт ұсталды

Танымал

Ел аузында

Созақ аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне мекемелердің бірінің басшысынан хабарлама келіп түскен. Онда оның қызметкерінің бірі есірткі затын пайдаланатынын айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан түскен «Parlament» темекісінің қорабында ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Сондай-ақ оның жеке басын тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат шықты. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «гашиш» есірткісі екендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...