Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстанда сүт қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Жыл басынан бері Қазақстанда сүт бағасы 17 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-мамырда сұйық сүт пен кілегей өндірісі былтырғымен салыстырғанда 7 пайызға төмендеп, 235,3 мың тонна болған. Бұл соңғы алты жылда бірінші рет өндірістің төмендеуі. Сүттің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарында өндірілді.

Сүт пен кілегейге деген сұраныстың 95,9 пайызын қазақстандық зауыттар қамтамасыз етті. Шетелден әкелінетін сүт пен кілегей үлесі 3,7-ден 4,1 пайызға дейін өсті. Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,7 пайызға, яғни 192 мың тоннаға, ал экспорт екі есеге жуық қысқарып, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеген.

Маусымның қорытындысы бойынша сүт бағасы бірден 2,4 пайызға, ал жыл басынан бері бірден 17,2 пайызға қымбаттаған. Былтырғымен салыстырғанда сүт бағасы 21,5 пайызға қымбаттады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында шикі сүтті тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен 3,5 литр болған, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес пайызға аз. Кілегей тұтыну, керісінше, бір жарым есе өскен, бірақ жан басына шаққанда орташа есеппен 47 миллилитрге дейін ғана.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...