Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігі тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістер дайыдап жатқанын растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сонымен қатар, қазір Ішкі істер министрлігі қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірлеп жатыр», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев. 

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұлды заңдастыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Қазақстан стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу жобасын дайындады.

Құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.

2019 жылғы шілдеде сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елді мекеннен тысжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...