Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Танымал

Ел аузында

Қазіргі таңда жемқорлықсыз қоғам құру көптеген мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Біздің елімізде де сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары әрдайым жетілдірілу үстінде. Әрине әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей тәсілі жоқ.

Әрбір мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресу әдісі, бағыты өзгеше. Сыбайлас жемқорлықпен күрес елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты. Біздің еліміз де жыл сайын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында да жемқорлықпен күрестің тоқталмайтыны атап өтіледі.

Жалпы елімізде Тәу­елсіздік алған жылдардан бастап жемқорлыққа қа­тысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты деуге болады. Еліміз ТМД мем­лекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура­лы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заң­наманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция­ла­рын және басқа да жалпы жұрт та­ны­ған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы бүкіләлемдік қо­ғам­дастықтың тең мүшесіне айналды. Айта кетер жайт сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның қарсылығы маңызды. Сыбайлас жемқорлықтың таралуына көп жағдайда азаматтардың өз құқықтары мен мемлекеттік қызметтер ұсынудың тәртібі туралы тиісті дәрежеде хабардар болмауы ықпал етеді. Халық  белсенді азаматтық көзқарасты ұстанып,өзін өзі қорғап, лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыздыққа қарсы тұра білсе жемқорлық етек жаймас еді. Бүгінде мемлекеттің ұстанымына сай азаматтық көзқарасыңды жеткізуге болатын алаңдар көп және кез келген мемлекеттік органға ашық түрде жемқорлыққа наразылық танытып жүгінуге болады. Сайттарға кіріп, өтініш қалдыруға немесе call орталыққа хабарласуға болады. Барлығы азаматтарға жемқорлықпен күресуге көмектесуге дайын.

Жалпы алғанда, кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс болған кезде ғана қоғам дертінен құтылары сөзсіз.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...