Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Сот-құқықтық реформа сәтті жүргізілуде

Танымал

Ел аузында

Жүргізіліп отырған реформалар тұр­ғысынан алғанда, Қазақстанның қа­зіргі дамуы жағдайында конститу­цио­нализмнің идеялары мен принциптерін, олардың таралу деңгейі мен ұлттық заңнамада іске асырылу динамикасын терең түйсіну қажет. Бұл құқықтық постулаттар іске асуының негізгі нысаны ретінде Конституция түбегейлі қоғамдық қатынастарды реттейтін ең жоғары саяси-құқықтық акт болып табылады, сондықтан жаһандық сын-қатерлерге және мемлекет дамуының қажеттілігіне сәйкес оны одан әрі жетіл­діріп отыру қажет.

Мемлекеттің Негіз­гі Заңының мазмұнында жалпы адами да, ұлттық та асыл мұраттар көрсе­тіліп, қоғам мен мемлекет тіршілігінің әлеу­меттік-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы сұраныстарына сай болуға тиіс. Халыққа арнаған Үн­деуінде Мемлекет басшысы былай деп атап өткен болатын: «Реформалар бағдарламасы – бұл Қазақстан қай бағыт­та барады деген сұраққа біздің жауа­бымыз. Жауап айқын әрі дәйекті – демо­кратиялық даму жағына».

Демократиялық құқықтық мем­­лекеттің жұмыс істеуін қамта­масыз етудің бірден-бір шарты ретінде судьялардың дербестігі мен тәуел­сіздігінің кепілдігін күшейту ре­фор­маның негізгі мақсаты болды. 1995 жылғы Конституция, сол жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа сәйкес Президент жергілікті соттарды тағайындаса, Жоғарғы Соттың судьяларын Пар­ламент Сенаты тағайындады. Төр­е­лік сот таратылды. Судьялар ал­ғаш­қы рет тұрақты мерзімге тағайын­далды. Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сот жүйесінде жүргізілген реформалардың алды осындай еді. Президентіміз Әділет органдары, сот төрелігін атқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз экономикадағы өзгерістерді тұрақтандыру мүмкін еместігін білді. Сондықтан бүгінгі күні сот саласында құқықтық реформалар кеңінен жүргізілуде.

Жалпы азаматтардың конститу­ция­лық құқықтары мен бостан­дықтарын қорғауда, мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың тұ­рақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды құруда, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғам бірлігін сақтауда құқық қорғау жүйесінің маңызды институты ретінде тәуел­сіздік жылдарында сот, про­куратура органдарының ерекше рөлі қалыптасты. Ендігі мақсат азаматтардың құқығын қорғау жолында соның игілігін көру парыз!

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали пациентам бесплатно

С начала года в городской многопрофильной больнице города Конаев пациентам выдали медикаменты на сумму 507 миллионов тенге. Это форма бесплатной...