Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Елімізде 1 тамыздан бастап не өзгереді?

Танымал

Ел аузында

1 тамыздан бастап елімізде қандай өзгерістер болады?Толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Демалыс

2022 жылғы тамызда Қазақстанда бір мереке – Конституция күні бар. Биыл 30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп отыр, соған байланысты демалыс күнін сенбі, 27-нен 29-ы дүйсенбіге ауыстыру бекітілді. Сонымен қатар, бес күндік аптасы бар қазақстандықтар 28-30 тамыз аралығында үш күндік демалыста болады.

Нақтырақ айтсақ, аптада бес күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 27 тамыз жұмыс күні, жексенбі-дүйсенбі, 28, 29 және 30 тамыз демалыс күндері болады. 31 тамыз, сәрсенбі – жұмыс күні.

Аптада алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі жұмыс күні, өзгеріс жоқ. Қазақстандықтар тек 28-де жексенбіде, ал 30-да сейсенбіде ғана демалады. 27-сі, сенбі және 29-ы, дүйсенбі — жұмыс күндері.

2022 жылға арналған демалыс және мереке күндерінің толық күнтізбесін мына жерден көре аласыз.

Құрғақшылық

Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша, еліміздің солтүстік-батысындағы, оңтүстігіндегі, оңтүстік-батысындағы және орталығындағы жекелеген аймақтарды қоспағанда, тамызда ылғалдылық негізінен нормаға жақын болады.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық күтіледі. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар аудандарында, Қарағанды ​​облысының Нұрын ауданында, Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшы болады деп күтіледі.

Тамыздағы ҰБТ

ҰБТ 10-13 тамыз аралығында өтеді.

ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:

  • ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін немесе қалауы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін орта білім беру ұйымдарының бітірушілері;
  • қалауы бойынша ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының былтырғы бітірушілері;
  • өз қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ тұлғалар;
  • ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша ЖЖОКБҰ-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинай алмаған, күнтізбелік жылы ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері сәйкес келмейтін бейіндік пәндер комбинациясымен ҰБТ нәтижелері жойылған тұлғалар;
  • шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары және ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер;
  • ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін ЖЖОКБҰ білім алушылары.

Сонымен қатар, негізгі ҰБТ-ға қатысқандар тамыздағы ҰБТ-да негізгі пәндерді өзгерте алады.

Тестілеуге қатысу құны — 4 230 теңге.

Банк ЦентрКредит пен Eco Center Bank бірігуі

3 тамызда «Банк ЦентрКредит» АҚ және Eco Center Bank АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы өтеді.

Екі банк акционерлері жиналысының күн тәртібінде:

  • банк акционерлерінің жалпы жиналысы есеп комиссиясының құрамы мен өкілет мерзімін анықтау;
  • БЦК мен Eco Center Bank біріктіруін ерікті түрде қайта ұйымдастыру;
  • Eco Center Bank БЦК-мен қосылуы туралы келісімді бекіту.

Еске салайық, мамырдың басында ЦентрКредит Банкі биыл наурызда Ресейге қарсы санкцияларға ұшыраған Альфа-Банк Қазақстанды сатып алу мәмілесін аяқтаған.

Альфа-Банк Қазақстанды сатып алғаннан кейін БЦК компанияға ребрендинг жасады. Банк Eco Center Bank болып қайта тіркелді.

Коронавирус инфекциясы бойынша болжам

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстанның астанасы «қызыл» аймаққа жақындап келеді.

Санитария дәрігерлері Нұр-Сұлтанда аурушаңдықтың артуы тамыздың ортасына дейін сақталады деп болжайды. Аурудың төмендеуі тамыздың аяғында — қыркүйекте күтіледі.

Қалған өңірледің барлығы «жасыл» аймақта. Денсаулық сақтау министрлігінің бүкіл ел бойынша болжамы:

Пессимистік сценарий бойынша тіркелген жағдайлардың ең көп саны күніне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарий бойынша — 2400-ге дейін, оптимистік сценарий бойынша — күніне 1000 жағдайға дейін болуы мүмкін.

Тұрғын үй

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұған дейін еліміздің ірі қалаларында пәтер жалдау бағасының қай бағытта жылжып жатқанын және бұған не себеп болғанын айтқан болатын. Мамандардың айтуынша, еліміздің ірі қалаларында жалға берілетін пәтерлердің бағасы көтеріледі.

Еліміздің қалаларында баға өсудінің себептері әртүрлі. Мысалы, Шымкентте бұл жалпы жалға берілетін баспананың жетіспеушілігі, осы тапшылықтың орнын толтыра алатын жаңа шаршы метрлер енгізіліп жатыр. Алматы мен астана жағдайында туристер ағынының артуы, әсіресе Ресейден, сондай-ақ, азық-түліктің қымбаттауы, валюта бағамының айырмашылығы, инфляция сияқты басқа да факторлар негізгі себеп болды. 

Рубльді экспорттау

Үкімет банктерге 2022 жылғы 31 тамызына дейін Қазақстаннан қолма-қол ресей рублін экспорттауға рұқсат берді.

Ұлттық банк шілдеде Қазақстанда рубль массасының пайда болу себебін былайша түсіндірді:

«Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы жоғары сауда қарым-қатынасына байланысты қолма-қол рубль қазақстандық банктерде оларды елден әкетуге шектеу қоюға байланысты жинақталды. Бұған шекаралық сауданың айтарлықтай көлемі, сондай-ақ, тауарлардың, елдер азаматтарының еркін қозғалысы сияқты факторлар әсер етті».

Доллардың 1 тамыздағы ресми бағамы — 477,09 теңге.

Ресей рублінің ресми бағамы — 7,75 теңге.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...