Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Полицейлер жоғалып кеткен орта жастағы ер адамды тауып, отбасына қайтарды

Танымал

Ел аузында

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, інісі үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Жақындары жоғалған азаматты іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт Келес АПБ-де бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша қажетті шаралар жүргізілді. Тәртіп сақшылары ер адамның баруы мүмкін ауыл-аймақты түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер жоғалған ер адамды Шымкент қаласынан тапты.

Анықталғандай, денсаулығында ақауы бар ер азамат Шымкент қаласына барып, көшеде түнеген. Бүгінгі таңда ер азамат дін аман, отбасымен бірге. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бауырының аман-есен табылғанына қуанған тұрғын ризашылығын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлері, қызметтеріңізге рақмет. Халыққа күндіз-түні қызмет етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарың алға баса берсін, тек жақсы күндерде жолығайық» – деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...