Түркістан қалалық Полиция басқармасына құрылыс мекемесінің басшысы арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер құрылыс жүріп жатқан тұрғын үйлердің 300 дана радиаторларын жымқырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 000 000 теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысты күдікті ретінде Сауран ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол құрылыс мекемесінде жұмыс істейтін жұмысшы болып шықты.
Анықталғандай, күдікті оңай жолмен пайда табу мақсатында, құрылыс жүріп жатқан ғимаратқа ұрлыққа түскен. Содан ұрланған жылыту құрылғыларын темір қабылдайтын орынға сатқан. Сондай-ақ күдіктінің жалпы осындай ұрлық қылмысының 2 жайтына қатысы бары анықталды. Бүгінде ұрланған жылыту радиаторлары айғақты зат ретінде иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыс полицейлері тұрғындарға өз мүліктерін қауіпсіз орында сақтауға кеңес береді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі