Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Полицейлер «Қызыл кітапқа» енген алтын тамыр өсімдігін заңсыз жұлған ер адамды ұстады

Танымал

Ел аузында

Күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейдтік-профилактикалық шара кезінде, сирек кездесетін «алтын тамыр» өсімдігіне ұқсас шөпті заңсыз теріп алған ер адамды анықтады.

Яғни жергілікті тұрғын Қазығұрт ауданының шығыс жақ беткейіндегі таудан «Қызыл кітапқа» енген жойылу қауіпі бар өсімдікті заңсыз теріп алған. Аталған жайтты ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашу үшін жедел іске кірісті. Табиғатқа залал келтіруші тұрғын полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті аталған өсімдікті дәрілік шөп ретінде пайдаланатынын айтқан. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тиісті сараптама тағайындалған.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардан және қонақтардан табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және құрып кету қаупі төніп тұрған «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлар мен өсімдіктерге құрметпен қарауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...