Төлеби ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ер азамат арызданды. Онда ол ауруханаға екпе салдыруға келген кезінде белгісіз біреулер үстел үстінде тұрған «Самсунг А11» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңгеге жуық. Аталған дерек ҚК 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының атқарған жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, аз уақыт ішінде күдікті ер азамат ұсталды.
Белгілі болғандай күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде қолды болған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі