Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.3 C
Nur-Sultan
19.9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Жайылымдық жерде тұрғынның биесін сойып, еттерін ұрлап кеткен тұрғын қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Тасты ауылының маңындағы жайылымдық жерде жайылып жүрген биесін көруге барғанында, оның басы мен терісін ғана көреді. Содан оны белгісіз біреу сойып, етін ұрлап кеткенін айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1 «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті құрықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жайылымдық жерге биені сойып, етін алып кеткен. Ол ұрлаған еттерді сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу үшін малдарыңызды бақташының қарауынсыз жібермей, үш жақты келісім жасауға кеңес береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...