Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.4 C
Nur-Sultan
37.3 C
Almaty
40.9 C
Shymkent

Полицейлер үйінде есірткі сақтаған тұрғынды анықтады

Танымал

Ел аузында

Полиция қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Осы тұрғыда Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйінде есірткі сақтағанын анықтады.

Полицейлер оның үйін тінту кезінде, 1 дана полиэтилен пакетке салынған жасыл түсті өсімдік ұнтақтарын, 1 дана өсімдік затын тұтынуға арналған полиэтиленді бөтелке және терезе алдынан А4 форматтағы қағазда кептіріліп жатқан өсімдікті айғақты зат ретінде алды. Оған сараптама тағайындап, нәтижесінде «кептірілген марихуана» екені расталды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекусорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, ер адамның бұған дейін де дәл осы бап бойынша сотты болғандығы анықталды. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...