Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде Семей қаласының тұрғыны әскери қызметкердің сөзіне құлақ аспай, Ұлттық ұлан жауынгеріне дене жарақатын салған. Сот азаматты төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде қызметтегі қызметкердің өміріне қол сұғушылық үшін ең қатаң жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде тәртіп сақшыларына аяусыз зорлық-зомбылық қолданылғанын әлеуметтік желілерде жарияланған көптеген видеолар айғақтайды.
Олардың көпшілігі қызметкердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өміріне қол сұғу ретінде бағаланады, ал мұндай қылмыс үшін ең қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
«Мысалы үшін, 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде Семей қаласының тұрғыны қызметкерлердің заңсыз әрекеттерін тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тырысқан Ұлттық ұлан жауынгеріне дене жарақатын салған», – деді Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сот қала тұрғынын төрт жылға бас бостандығынан айырған.