2022 жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің басым бағытының бірі. Сондықтан оларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығына ерекше назар аударылуда.
Осы тұрғыда жыл сайынғы өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясын Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалғастыруда. Аталған қайырымдылық іс-шараға полицейлер өз үлестерін қосуда. Яғни басты мақсат – аз қамтылған, көпбалалы отбасы, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болғандықтан, сақшылар өз қаржыларына балаларға керекті оқу құралдарын сыйлады.
Балалардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектепке қажетті формалар мен де қамтамасыз етті.
Мұндай игі бастамаларда тәртіп сақшылары тарапынан әр жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Аталған үрдіс бұдан әрі де жалғасын таппақ.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі