Жетісай аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығы саптық тексеріс өткізді

Танымал

Ел аузында

Полиция қызметкерлері – халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын болғандықтан, олардың сыртқы келбеті басты назарда. Жинақылығы мен іс-әрекеті көптің назарында.                         

Осыған байланысты Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков саптық алаңда жеке құрам қызметкерлеріне тексеріс жүргізді. Саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті, тазалығы мен ұқыпты болуына және нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуына басты назар аударылып, қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді. Тексеріс жұмыстарынан соң, жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және жол-көлік оқиғалары орын алуы ықтимал жолдарға, яғни Жетісай қаласы мен Асықата кентіне рейдтік профилактикалық шаралар жүргізуге, елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берді. Сонымен қатар жаңадан тағайындалған басшы полиция полковнигі Ә.Сапарбеков жұмыстардың атқарылуын қатаң бақылауға алатындығын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...