Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы өрттің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтінін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрлігі орман өрттінің салдарынан Қостанай облысында егістік алқаптарының аз бөлігі зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл ретте алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік мәліметіне сәйкес, Қарабалық ауданында 15 гектар дәнді және 2 гектар аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 гектар астық жинау алқабы жойылды. Осылайша Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1%-дан аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы 5,3 млн га құрайды. Айта кетейік, облыстың шаруалары биыл 3,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн гектар бидай және 749,1 мың гектар майлы дақыл отырғызған болатын.

“Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегіне өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3% жиналды, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін нақты мәлімдейді”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ министрлік өкілдері астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда дихандар 7 млн гектар дәнді дақылды жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылған (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады).

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...