17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді: Министр бұйрыққа қол қойды

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны алмағандар жұмысқа жіберілмейтіні туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бұйрықта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек. 

Бұған дейін, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавиурсқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін екенін айтқан. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...