Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қазақстанда такси жүргізушілері күн сайын медициналық тексеруден өтуге міндеттелмек

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда такси жүргізушілері ауысымында екі рет немесе жұмыс күнінде медициналық тексеруден өтуі керек. Мұндай өзгерістер жолаушылар тасымалы мен багажды автокөлік транспортында пайда болды. Бұйрыққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойды, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бөлімі.

Ал бұл талаптар кімге әсер ететіні жөнінде аталған департамент өкілі, автомобиль көлігі басқармасының бастығы Алмаз Айсин айтып берді.

Департамент өкілі қандай такси қызметтері өз жүргізушілерінің денсаулығын бақылау қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар ол елімізде ірі агрегаторларға айналған Yandex пен Didi қосымшасының жүргізушілеріне бұл заң жобасының қатысы бар-жоғын ашып айтты.

«Бұл түзетулер жолаушыларды тасымалдайтын бүкіл жүргізушілерге қатысты. Оның ішіне барлық такси қосымшалары енеді. Осы орайда бұл өзгертулер көпшілікке ұсынылған сәттен бастап 60 күннен кейін заңды күшіне енетінін айта кетейік. Яғни 6 желтоқсан күні», – деді Алмаз Айсин.

Айсин бұған қоса бұл ережелердің сақталуын кім қадағалайтынын түсіндірді.

«Бұл ережелердің сақталуын бірінші кезекте тасымалдаушның өзі қадағалауы қажет. Ал аймақтағы бақылауды көліктік бақылаудың аумақтық органдары және аймақтық ішкі істер органдары жүргізетін болады», – деп сөзін түйіндеді Алмаз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...