Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Танымал

Ел аузында

ШҚО облысы Абай ауданында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты. Арасында 1 жасар сәби де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол апаты сенбі күні Абай ауданында болған. Lada автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік Қарауыл ауылынан Саржал ауылына бет алған. 

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізушісі мен 39, 36, 35 және 1 жастағы 4 жолаушы қаза тапты. 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп пікір білдірді Полиция департаментіндегілер.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Қылмыстық іс негізінде жағдайдың анық-қанығы анықталып, қажетті сот сараптамасы жүргізіледі», – деп қосты полиция қызметкерлері. 
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....