Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Түркістандық шенділер блогерлердің пресс-турына 22,4 миллион теңге жұмсамақ

Танымал

Ел аузында

Жұмыстың жалпы құны 22,4 млн теңге, оның үстіне қаражаттың барлығы мемлекеттік бюджеттен.

Түркістан облысының билігі лот жариялап, сәйкесінше облыс қазақстандық ірі блогерлер үшін пресс-тур ұйымдастырғалы жатыр. Оның үстіне барлығына миллион теңгеге жуық қаламақы уәде етілген.

arbat.media сайтының хабарлауынша, жоспарланған пресс-тур «Түркі әлемінің бесігі» деп аталады. Жұмыстың  жалпы құны 22,4 млн теңге, оның үстіне қаражаттың барлығы мемлекеттік бюджеттен.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының шарты бойынша турға бір миллион жазылушы аудиториясы бар және статистикада кеңінен қамтылған кемінде алты блогер қатысуы керек. Шақырылған блогерлердің қаламақысы бір миллион теңгеден кем емес. Сонымен қатар, оларды жатын орынмен, көлікпен және басқа да шығындарын қамтамасыз ету қажет болады. Қызмет атқарушы  аймақтың билік органдарымен шақырылған пікір берушілердің тізімін келісуі керек.

Шақырылған сарапшылар қатарында блогерлермен қатар, Яндекс медиасының жарнама мамандары, Google контекстік медиа желісінің мамандары, бейнеоператор және лингвистика ғылымдарының кандидаты бар. Олар облыстағы баспасөз хатшылары мен жастар үшін үш семинар өткізуі керек.

Сондай-ақ, лоттың сипаттамасына қарағанда, турдың ақпараттық қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылады.

«Жергілікті аймақтық баспа басылымдарында, ақпараттық сайттарда, республикалық және жергілікті телеарналарда көрсетілетін 17 жарияланым және Facebook, Instagram, WhatsApp, Tik-Tok желілерінде 40 тақырыптық жазба»  делінген лот сипаттамасында.

Алайда, белгілі болғанындай, түркі әлемін танымал ету тек Түркістан облысын ғана алаңдатып отырған жоқ. Мәселен, Ақпарат министрлігі Әзірбайжан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан, Түркіменстан және басқа да елдерден қонақтар әкелетін түркі фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Оның бағасы  – 62,5 миллион теңге. Фестиваль аясында салтанатты шеру, ашылу салтанаты, тақырыптық көрмелер, шеберлік сабақтары, экскурсиялық квесттер және гала-концерт болады. Ал тағы бір шараны (Түркі кеңесі Бас Ассамблеясының жастар алаңы) өткізуге департамент 13,3 млн.теңге жоспарлаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...