Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Қазақстанды қатты жақсы көремін»: Путинді көмекке шақыруды меңзегені үшін сынға қалған Панова Ресейге қоныс аударатынын айтты

Танымал

Ел аузында

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Вова ағайды көмекке шақырамыз» деген жазбасынан кейін қоғамның үлкен сынына ұшыраған Любовь Панова Ресейге қоныс аударатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде «Еуропа Плюс Қазақстан» радиосының бұрынғы жүргізушісі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Панова желідегі жазбасын «Ресей бізбен бірге және Құдай да бізге қарасады» деп бастаған.

«Мен өз отаным – Қазақстанды өте қатты жақсы көремін. Бірақ… Ресей де менің отаным! Және қазір мен үйіме кетіп бара жатырмын. Мен барлығынды жақсы көремін, қоштасуға үлгермегендерден кешірім сұраймын. Ал қоштасуға келіп, ұзақ жолға шығарып салуға келген туыстарыма рахмет», – деп жазған ол.

Журналист өзін сынға алғандарға алғыс білдіретінін жаза келе, олардың әрекеті жаңа өмір жолын бастауға мүмкіндік бергенін айтқан.

Жазба астындағы пікірлерде қолданушылардың көпшілігі журналистке ақ жол тілеп, оның жақсы адам екенін айтады.

Еске салайық, бұған дейін Панованың айтқан сөздерінен кейін полицияның қылмыстық іс қозғағаны белгілі болған.

Алайда ол бұған дейін Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында істің толығымен жабылғанын жеткізіп, тергеу нәтижесі бойынша оның жазбасында ешқандай ұлтаралық араздық белгілері болмағанын хабарлаған.

“Тергеуге жіберілген «Любовь Панова» лақап атындағы пайдаланушының жарияланымдарында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық реализмді қоздыру белгілері, араздық, алауыздық, ұлттық ар-намысқа, қадір-қасиетке, дінге қатысты азаматтардың сезімін қорлау сипаттарындағы мәлімдемелер жоқ”, – деген ол тергеу сараптамасының қорытындысымен бөліскен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...