Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде 6-ы кәмелетке толмағандар.
Шымкентте үш апалы-сіңілі адам саудасы, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топты басқарып келген. Топ құрамындағы 11 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz басылымы.
11 адамнан тұрған топ қылмыстық әрекеттері Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жүзеге асырған. Әр адамның рөлі нақты бөлінген. Оның ұйымдастырушылары үш апалы-сіңлілі екені анықталды. Қорқыту мен бопсалау, “айыппұлдар” арқылы қыздарды синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы (кейде әртүрлі тауар үшін де) жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.
Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіре отырып, осы өз істеріне тартқан. Қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқаны белгілі болды. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген.
Топтың басқа мүшелері “әкімші” және “кассир” рөлін атқарды. Олар қыздардың тәртібін қадағалап, есеп пен касса жүргізіп, интернеттегі жарнамалар арқылы табылған “клиенттерді” қабылдап отырған. Қылмыскерлердің тапқан табысы, бүгінгі ақпарат бойынша, шамамен 150 миллион теңге. Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде 6-ы кәмелетке толмағандар.
Қыздарды жалдамалы пәтерлерде ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бірқатар жағдайларда күдіктілер қыздарды өзімен бірге ертіп, қонақүйлер мен сауналарға апарған. Қыздар туған-туыстарын тыныштандыру үшін ата-аналарына бала күтуші болып жұмыс істейтіндерін айтқан. Кейбір жағдайларда ұйымдастырушылар қыздардың ата-аналарымен кездесуге барып, өздерін “бала күтушіге жұмыс беруші” сияқты көрсеткен.
Барлығы 11 адам ұсталды, олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда. Аталған факт бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде: 2 дерек – Қызмыстық кодекстің 262-бабының 1, 2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу), 5 дерек – Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы), 5 дерек – Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 2 дерек – Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікке тарту), 3 дерек – Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Притон ұстау мен жеңгетайлық), 1 дерек – Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі заттарын алу, сақтау, тасымалдау) бойынша.