Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Депутаттар Астана атауын қайтаруды қолдап дауыс берді

Танымал

Ел аузында

Елордада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттары ел астанасының атауын өзгертуді қолдап дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Республикамыздың елордасы атауын Астана деп өзгерту мәселесі «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасында қамтылған болатын. 

Астана атауын өзгерту туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. 

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысын Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бір ауыздан қолдап дауыс берді. 

Жұрт назарында тұрған тағы бір мәселе – елорданың бұрынғы атауын қайтару. Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекет іргесін бекітудегі тарихи еңбегін жоққа шығармайды. Бір Елорданың өзінде халықаралық әуежайдың, бірнеше ескерткіштерінің, саябақтың, оқу орнының ол кісінің есімімен аталуының өзі құрметтің белгісі. Ал халықтың негізгі талабы – кезінде өзінің пәрменімен Елордаға берілген Астана атауын қайтару. Депутаттар сол себепті сайлаушылардың өтініштерінің негізінде арнай бастама жасады. Мемлекет басшысы «Пікір сан алуан, бірақ мемлекет жалғыз» деген ойды айтқан еді. Сондықтан ел – ортақ, жер – ортақ, Елорда – ортақ, – деді депутат мәжілісмен Жанарбек Әшімжан.

Конституцияға енгізілетін өзгертулер Президентке қол қоюға жіберіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...