Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала атауы ауысқаннан кейін құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ. Бұл жөнінде әділет министір Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтардың қолындағы елорданың бұрынғы атауы жазылған құжаттар жарамды болады. Министр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсетуде оларды бұрынғыдай қабылдай беретінін жеткізді.
«Құжаттар астананың бұрынғы атауымен де жарамды болады, құжаттарды шұғыл түрде өзгертудің қажеті жоқ. Егер астананың бұрынғы атауы көрсетілсе, құжаттар бұрынғыдай жарамды болып есептеле береді», – деп түсіндірді Мусин.
Сондай-ақ, көше атауларын, маңдайша белгілерді шұғыл өзгертудің асығыстығы жоқ. Министр бұл үдерістердің барлығы жоспарланған бюджет қаражатына қарай жоспарлы түрде жүзеге асатынына сендірді.
Еске салайық, қаңтар оқиғаларынан кейін мәжіліс депутаттары арасында құрылған «Жаңа Қазақстан» тобы 2 қыркүйекте мәлімдеме жасап, президентті жеті жылға сайлау бастамасын қолдап, Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Ізінше президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар тобының астананың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсынысымен келіскен.
15 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда мәслихатта елорданы Нұр-Сұлтаннан Астанаға ауыстыру бойынша қоғамдық тыңдау өтті.