Қырғызстан және Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тамшиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжаттың басты мақсаты – шекаралас аудандардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу.
«Хаттамаға мен және Тәжікстан ҰҚМК басшысы Саймумин Ятимов қол қойды. Жағдай ақырындап тұрақтануда. Комиссия ертең жұмысын жалғастырады, біз жағдайды реттеуге бірнеше қадам жасадық. Мүмкін, ертең кешке, 20 қыркүйек тағы бір кездесу болады», – деді Ташиев.
Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Естеріңізге салсақ, 14 қыркүйек күні таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы елді мекенінде қарулы жанжал басталды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдерінің келіссөздерінен кейін атыс тоқтатылды. Бірақ 16 қыркүйекте атыс қайта басталды. Қырғызстан ҰМҚК шекара қызметінің мәліметінше, тәжік тарапы шекараның Баткен ауданындағы шекара және азаматтық нысандарға шабуыл жасаған.
Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін 59 қырғызстандық қаза тауып, 163 адам зардап шекті. Тәжік билігі 41 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланғанын хабарлады.