Қырғызстан мен Тәжікстан хаттамаға қол қойды

Танымал

Ел аузында

Қырғызстан және Тәжікстан  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тамшиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттың басты мақсаты – шекаралас аудандардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу.

«Хаттамаға мен және Тәжікстан ҰҚМК басшысы Саймумин Ятимов қол қойды. Жағдай ақырындап тұрақтануда. Комиссия ертең жұмысын жалғастырады, біз жағдайды реттеуге бірнеше қадам жасадық. Мүмкін, ертең кешке, 20 қыркүйек тағы бір кездесу болады», – деді Ташиев.

Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 14 қыркүйек күні таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы елді мекенінде қарулы жанжал басталды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдерінің келіссөздерінен кейін атыс тоқтатылды. Бірақ 16 қыркүйекте атыс қайта басталды. Қырғызстан ҰМҚК шекара қызметінің мәліметінше, тәжік тарапы шекараның Баткен ауданындағы шекара және азаматтық нысандарға шабуыл жасаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін 59 қырғызстандық қаза тауып, 163 адам зардап шекті. Тәжік билігі 41 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланғанын хабарлады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...