Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары кезінде Google-да қызмет ететін қазақ қызы Арай Сабыржанмен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты.
«2017 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (Алматы қаласы) компьютер саласынан «бакалавр» дәрежесін алдым. 2017 жылы Сан-Францискоға келіп, біраз стартап компанияларда жұмыс істедім. Қазіргі күнде Google компаниясында виртуалды машиналардың бағдарламашысымын», – деді А.Сабыржан Нью-Йоркте Мемлекет басшысымен кездесуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясымен келісімшарты қандай мерзімге жасалғанын сұрады. Жас дарын келісімшарт толық мерзімге жасалғанын мәлім етті.
Әңгіме барысында ҚР Президенті оған Қазақстанға қайтып келуді ұсынды. «Америкада жақсы, бірақ Қазақстан деген керемет қой. Мен ойлаймын, сіз Қазақстанда да істей аласыз», – деді Мемлекет басшысы.#Google#Президент#АҚШ