Түркістан облысының полицейлері көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 500 000 теңгені құрады.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарына бірден кірісті. Нәтижесінде қырағы сайрамдық полицейлер, тәулік ішінде күдікті ер азаматты анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің көршісі болып шықты. Әйелдің үйінен шыққанын көрген күдікті өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда.
Түркістан облысының полицейлері бағалы заттарыңызбен, әшекей бұйымдарыңызға мұқият болуларыңызды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...