Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Танымал

Ел аузында

Белгілі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Астана қалалық сотының сайтында жазылды.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.

Еске салайық, Қайрат Боранбаев 2022 жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...