Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 29 және 30 қыркүйекке, сондай-ақ 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде әсерін сақтайды.

«Түнде ауа температурасының нөлдік мәні сақталады және елдің солтүстік аудандарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республиканың батысында ғана солтүстік-батыстан ауысып келе жатқан циклон әсерінен ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі», – делінген хабарламада.

Жалпы республика бойынша: елдің солтүстік жартысында – тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде – құмды дауыл күтіледі.

«Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 5-13 градусқа дейін, республиканың батысында күндіз термометр 17-30 градусқа дейін көтеріледі», – деп нақтылады метеорологтар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында...