Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Танымал

Ел аузында

2022 жылы 28 қыркүйекте Алматыда KIOGE конференциясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс адами капиталды дамыту және қазақстандық мамандармен білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім Қазақстанның мұнай-газ секторы мамандарының кәсіби дамуы мен тәжірибе жинақтау мәселесінде ынтымақтастықты көздейді. Ол бойынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері «Шевронның» негізгі бөлімшелерінде тағылымдамадан өтеді деп жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» бен «Шевронды» көп жылдық жемісті ынтымақтастық байланыстырады, біз ірі мұнай-газ жобаларын бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгін ынтымақтастық туралы келісімге қол қоя отырып, біздің компаниялар қазақстандық мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби дамыту саласында серпінді өзара іс-қимылдың келесі кезеңіне өтті. «Шеврон» компаниясына «ҚазМұнайГазға» көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Еліміздің энергетикалық секторының және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ете отырып, әріптестігіміз одан әрі нығая беретініне сенімдімін»,- деп атап өтті ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Шеврон» компаниясының Қазақстандағы қызметі сенімділік, ашықтық және серіктестік негізінде құрылады. Біздің берік қарым-қатынасымыз елдің экономикасын дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, жергілікті бизнесті қолдауда, қауымдастықтарды құруда, мүмкіндіктерді арттырып, тұрақты дамуды ілгері жылжытуда катализатор қызметін атқаратынын мақтан тұтамыз, – деді Магнесс мырза. – Серіктестігіміздің басынан бастап біздің негізгі мақсатымыз – Адами Капиталды тұрақты дамыту. Себебі, адамдар – біздің ең құнды ресурсымыз. ҚМГ компаниясымен жасалған келісім қазақстандық мамандардың мүмкіндіктерін арттыруға көмегін тигізетініне кәміл сенеміз».

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...