Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Алматыға жылу қашан беріледі?

Танымал

Ел аузында

Алматыға жылу қашан берілетіні белгілі болды. Бұл туралы арнайы брифингте «Алматы жылу желілері» компаниясының бас инженері Данияр Қазымбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, Алматыда жылу беру маусымы 15 қазанда басталады. Алдымен балабақшалар мен мектептер, ауруханаларға жылу берілсе, кейін көпқабатты үйлер кезекте екені айтылды.

«Бүгінде Алматыда барлық жылу желілері жаңа жылыту маусымына дайын. Тұрғындар ПИК немесе МИБ-пен құбырларды жылу беруге дайындау, сондай-ақ күн суытқанша барлық үйішілік желілерді тексеру қажет: жылыту жүйесін жуу, жөндеу», – деді Қазымбетов.

Жақын арада жылыту тарифін көтеру қарастырылмағаны атап өтілді.

Еліміздің көп өңірінде жылыту маусымы басталды, ал Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жылуды 10-15 қазан аралығында қосу жоспарланып отыр. Қыркүйектің аяғында нөлден төмен температураға байланысты Астанада жылыту іске қосылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...