«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде газ жарылып, 4 адам қаза тапты

Танымал

Ел аузында

106 жұмысшы эвакуацияланған.

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды», – деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады», – деп толықтырды ТЖМ өкілі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR представляет HONOR X9e Pro: смартфон, готовый к самым непредсказуемым сценариям

Повышенная прочность, аккумулятор 11 000 мА·ч, AI-функции для детализированной съёмки и дисплей с пиковой яркостью до 10 000 нит...