Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде газ жарылып, 4 адам қаза тапты

Танымал

Ел аузында

106 жұмысшы эвакуацияланған.

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды», – деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады», – деп толықтырды ТЖМ өкілі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі...