Полицейлер қойшыдан қоян еті мен мылтық тәркіледі

Танымал

Ел аузында

"Браконьер"  жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жабайы жануарларды заңсыз аулау жайтын анықтады. 
Нақтырақ айтсақ  рейд кезінде созақтық полицейлер  Орман-қорық жеріндегі жайылымдық жерден қояндарды  аулаған қойшыны  анықтады. Сондай-ақ орта жастағы азаматтың үйін тінту кезінде  16 калибрлі тәркілеген   аңшы мылтығы табылды.  Тәртіп сақшылары браконьерден өлтірілген 3 дана қоян мен қаруды тәркілеп, жағдайды анықтау үшін азаматты полиция бөліміне жеткізді.
Құқық бұзушыға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі "жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу" және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR представляет HONOR X9e Pro: смартфон, готовый к самым непредсказуемым сценариям

Повышенная прочность, аккумулятор 11 000 мА·ч, AI-функции для детализированной съёмки и дисплей с пиковой яркостью до 10 000 нит...