Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Жоғалған 15 жасар қыз Шымкенттен табылды

Танымал

Ел аузында

Отырар полициясына аудан тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Ер адамының айтуынша таңғы уақытта мектепке кеткен Қарақат есімді 15 жасар қызы үйіне қайта оралмаған.
Отырар АПБ ювеналдық полиция тобының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, небары тәулік ішінде қыз Шымкент қаласындағы саябақтан табылды.
Осылайша, жоғалған қыз ата-анасына аман-сау күйінде тапсырылды. Тәртіп сақшысының анықтауынша жасөспірім қыз мектептен шығып, достарымен қыдырмақ болып Шымкент қаласына кетіп қалған.
Өз кезегінде баланың әкесі полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді. «Мен қызымды азанда сабаққа шығарып салған болатынмын. Содан түскі уақытта қызым мектептен келмеді. Қызымды өздігімнен іздеп таба алмаған соң полицейлерден көмек сұрадым. Тәртіп сақшылары дер кезінде қызымды тауып берді. Алғысым шексіз.»-деп жүрекжарды сөзін арнады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...