Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары аясында арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Шараға мектеп оқушылары жұмылдырылды. Яғни жасөспірім ұл балалар полиция бөліміне келіп, ондағы жедел басқару орталығы, тергеушілер мен криминалистердің арнайы бөлмелері, кезекшілік бөлім мен өзге бөлмелер аралап, жұмысымен танысып шықты. Сондай-ақ мектеп бітіруші оқушылар арасында полиция қызметіне қызығушыларды ҚР ІІМ-нің Жоғары оқу орындарына шақыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Экскурсия соңында оқушылар полицейлерге арнайы уақыт бөліп, көңіл аударғандары үшін алғыстарын айтты. Полиция бөлімін аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан балалар болашақта полиция қызметкері боламын деген сөздерін мақтанышпен жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі